Өңірлер

Жаңбыр мен жел: 4 маусымда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер ертең Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 4 маусымға ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста – жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада.

Метеорологиялық болжам бойынша республиканың кей жерінде күн күркіреп, жел тұрады, шаңды дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте кей жерде – тұман.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 4 маусымда түнде 11 градус жылы болады, күндіз ауа температурасы 27-29 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын болмайды.

Алматыда түнде ауа температурасы 17 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 20-22 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Астролог маусым айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Шымкентте 4 маусымда түнде ауа температурасы 15-16 градус жылы болады, күндіз – 26-27 градус жылы, жаңбыр жаууы мүмкін.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерде дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауып, тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді. Ұйытқуы 23-28 м/с жетіп, бұршақ түсуі мүмкін.

Қостанай облысында кей жерде дауыл соғады, желдің екпіні түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, ұйытқуы 23 м/с, кей жерде – бұршақ.

Тағы оқыңыз: Маусым айына ауа райы болжамы

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерде шаңды дауыл соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында кей жерде тұман түседі.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының кей жерінде күндіз аптап ыстық.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі болады.