Өңірлер

Алматыда такси мен жол талғамайтын көлік жеке үйлердің шарбағын қиратты

Жол талғамайтын көлік жүргізушісінің алаңғасарлығы салдарынан таксидегі үш адам жарақат алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Жексенбі күні кешке Бөкейханов пен Трудовой көшелерінің қиылысында жол талғамайтын көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser 200 Бөкейхановпен келе жатып, белгісіз себеппен "Жол бер" белгісін елемей, көше қиылысына шығып кеткен.

Осы кезде "Яндекс-Такси" қызметіне тиесілі Ssang Young автокөлігі оған кесе-көлденең келген. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жеңіл көлікті соғып, шетке шығарып жіберген: ол шарбақты қиратып, жеке үйдің қабырғасына соқтығысқан. Ал Toyota өзге үйдің шарбағына соқтығысқан.

Жол апатынан таксиде отырған үш адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.