НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Бастауыш сынып оқушысы "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club жағажай клубында суға батып кетті.
"Хабар 24" телеарнасының ақпаратына сәйкес, оқиға 3 маусым, дүйсенбі күні сағат таңғы 11:30-да болған.
Тағы оқыңыз: Иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты
"Қыз 2010 жылы туған. Ол өзге балалармен бірге мектеп жанындағы лагерьге барған", - деп жазды телеарна.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз астанадағы №10 мектеп-гимназияда оқыған. Ол бассейнге жетекшісі және лагерьдегі өзге балалармен бірге барған. Барлығы 30 бала болыпты.
Sputnik Қазақстан тілшісіне "Ханшатыр" ойын-сауық орталығы жазбаша сауал жолдау керектігін айтты. Sky Beach клубының Instagram-дағы ресми парақшасында бассейн техникалық себептермен жабылды деген жазба жарияланған.