Қоғам

Тимур Бекмамбетов Comic Con фестиваліне қатысу үшін елордаға ұшып келді – фото

Сенбіде фестивалге 23 мың адам келді, 2 маусым – Comic Con Astana-ның соңғы күні  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жары Натальямен бірге Қзақстанның астанасында өтіп жатқан Comic Con Astana фестиваліне келді.

Бекмамбетов Instagram-дағы аккаунтында қазақтың ұлттық тағамы – еттің суретін жариялады. 

Таяуда БАҚ режиссердің ауыр дертке ұшырағаны жайлы ақпарат таратты. Кейінірек Тимур Бекмамбетовтың ресми өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

Comic Con Astana фестивалі несімен қызықты

Comic Con Astana фестивалі Нұр-Сұлтанда 31 мамырда басталды, бүгін – соңғы күні. Comic Con ашылуына он мыңнан астам, сенбі күні 23 мың адам келді.

Тимур Бекмамбетов Comic Con фестиваліне қатысу үшін елордаға ұшып келді – фото

Мұнда бірнеше тақырыптық аймақ: комикстер павильоны, кинопавильон, негізгі сахна, қолтаңба-сессия залы, үстел ойындары павильоны және киберспорт аймағы қарастырылған. Холда әйгілі халықаралық студиялардың алаңдары орналасқан, онда сіз комикстер, телехикаялар және компьютерлік ойындардағы сүйікті кейіпкерлеріңізді кездестіре аласыз. Мұнда косплей (костюм кию ойыны - агенттік ескерт.) конкурсы да ұйымдастырылған.

Фестивальге сондай-ақ "Тақтар ойыны" сериалындағы Эурон Грейджойдың  рөлін сомдаған танымал актер Пилу Асбек те келді.

Sputnik Қазақстан Comic Con Astana фестивалінің ақпараттық серіктесі болды.