НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қостанай облысының Лисаков қаласында екі қабатты ғибадатханадан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысында ғибадатхана өртенді – фото
© ДЧС Костанайской области
"Сағат 13:57-де "101" пультіне екі қабатты "Дұға жасау үйі" өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндіру көлігі сағат 14:00-де келгенде ғимараттың шатыры жанып жатқан, 14:46-да тілсіз жау оқшауланды", - деп хабарлады ведомство.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт екі сағаттан кейін сөндірілген. Жалын 200 шаршы метр аумаққа шарпыды.
Қостанай облысында ғибадатхана өртенді – фото
© ДЧС Костанайской области
Өртті сөндіруге Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен үш техникасы, "Өркен" ерікті өртке қарсы құрамасының бес қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
Қостанай облысында ғибадатхана өртенді – фото
© ДЧС Костанайской области