Қоғам

"Сендерге бақыт тілеймін" Тоқаев көпбалалы отбасылардың балаларымен кездесті - фото

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оқуда табыс тіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оқуда табыс тіледі.

"Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін, – деді Қазақстан президенті.

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін Ақордада тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты.

"Сендерге бақыт тілеймін" Тоқаев көпбалалы отбасылардың балаларымен кездесті - фото

Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.