НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ертең, 2 маусымда республиканың барлық дерлік аумағында найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз +27, түнде +16 градус жылы.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп болжанып отыр, күндіз +22, түнде +18 градус.
Шымкентте де найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз сынап бағанасы +27, түнде +19 градусты көрсетеді.
Өңірлерде ауа райы қандай болады
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, күндіз дауыл тұрады, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді деп болжануда.
Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кейбір аймақтарында – найзағай және қатты жел. Бұршақ түсуі ықтимал.
Алматы облысында да кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшйеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да – найзағай, қатты жел. БҚО-да күндіз бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
"Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді
Павлодар облысында – найзағай, тұман, жел (18 м/с).
Қарағанды облысында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды, жел тұрады.
Атырау облысында күндіз аптап ыстық болады.