Елорда тынысы

Елордада ауа райы бұзылады: синоптиктер сенбі күніне болжам жасады

Синоптиктер ертең астанада найзағай ойнап, бұршақ жауатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды қаланың төтенше жағдайлар департаменті.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, 1 маусым күні найзағай мен бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады. Екпіні 16 м/с –ке дейін жетеді", - деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті

Төтенше жағдайлар департаменті қатты жел, найзағай мен бұршақ кезінде абай болу керектігін ескертті:

  • көшеде бағандардан, ағаштардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
  • пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыз;
  • жеке көлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;
  • найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;
  • терезеден алшақ болып, электр құралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақтан соң найзағай болуы мүмкін.