Өңірлер

Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Зардап шеккен екі адам ауыр жарақат алды, көлік жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 мамыр — Sputnik.  Алматыда Момышұлы көшесінде жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті.

Алматыда жол апатынан танымал актриса көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 автокөлігі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы кезде "Алматы Аренаға" жақын маңда жолдың рұқсат етілмеген жерінен жаяу жүргіншілер кесіп өтпек болған.

Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Жүргізуші тежегішті басқанмен, тоқтап үлгермеген. Автокөлік бар жылдамдықпен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, салдарынан зардап шегушілер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Сондай-ақ, түрлі жарақат алған жүргізуші де жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында апаттың мән-жайын анықтау үшін жол полициясының қызметкерлері, криминалистер, анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.