НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстан әлемдегі бәсекеге ең қабілетті экономикалар рейтингісінде төрт сатыға жоғары көтерілді. Республика қазір 34-ші орында.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар рейтингісін Швейцарияның Халықаралық менеджмент дамуы институты құрастырған. Сарапшылар жұмыссыздық, ЖІӨ деңгейі, мемлекеттің денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы шығыны, сондай-ақ әлеуметтік бірлік , жаһандану және жемқорлық мәселелері бойынша қоғамдық пікір сияқты деректерді ескерді.
Тағы оқыңыз: Қазақстан баспана салудан ТМД-да көш бастады
Қазақстан бір жыл ішінде төрт сатыға көтеріліп, 34-ші орынға табан тіреді. Рейтингке барлығы 63 ел кірген. Ресей – 45-орында.
Бірінші орынды Сингапур алып, әрі қарай тізімде Гонконг, АҚШ, Швейцария және Біріккен Араб Әмірліктері кезекпен орналасты.
Өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан 59-орын иеленген болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша ең төменгі орындардың бірін алды