Әлем

Украинада әскерилер мінген тікұшақ құлады – қаза тапқандар бар

Елдің мемлекеттік тергеу бюросы апатқа не себеп болғанын анықтауда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Ровенская облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, әскерилер қаза болды. Қайғылы оқиғадан кейін Львов облысында аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости Львов облыстық әкімшілігіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы Украина Құрлық әскерлерінің өкілдері хабарлады.

Қызылордадағы трагедия: 13 әскери қаза болған Ми-8 апатының нақты себебі анықталды

"Әуе апаты салдарынан Украина Қарулы күштері Құрлық әскерлері армиялық авиациясы 16-шы жекелеген бригадасының командирімен бірге экипаждың төрт мүшесі мерт болды", - делінген хабарламада.

Әуе апатының себептері анықталып жатыр, деді Құрлық әскерлерінің өкілдері.

Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты

30 мамыр Львов облысында аза тұту күні болып жарияланды.

Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы оқиғаны тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.