Оқиға

Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті

Түрлі жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Алматыда автобус пен Kia Cerato маркалы автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Автобус пен жеңіл көлік Назарбаев даңғылының бойында оңтүстік бағытта келе жатқан. Kia жүргізушісі екінші қатардан оңға бұрылып, аулаға кірмекші болған екен. Алайда автобус жүргізушісі жол беріп үлгермей, автокөлікпен соқтығысқан.

Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті

Жол апаты салдарынан автобуста отырған жүкті әйел зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Шымкент тұрғыны көлікпен бір топ баланы қағып кетті

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатының мән-жайы анықталуда.