НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр— Sputnik. Белгілі қазақстандық модель Динагүл Тасова тағы да киімімен таңғалдырды. Ол өзінің Instagram парақшасындағы аккаунтында хиджаб киіп түскен фотосын жариялады.
Динагүлдің бұл киімі жұрттың көңілінен шықты. Суреттің астына модельдің парақшасына жазылғандар жақсы пікір жазған.
"Менің екі жаңалығым бар. Біріншісі, мен өзгелерден ерекшемін және мұны дұрыстауға тырысу бекер болады. Екіншісіден, мен бұл жайтты тиімді пайдалана аламын", - деп жазды Тасова.
Бұған дейін қалалық мәслихаттың жастар қанатының экс-депутаты Динагүл Тасова халықты өзінің ашық киімімен таңғалдырып, жұрттың ызасына тиген болатын. Ол Fashion Night Astana көрсетілімінде омырауын жалаңаштады.
28 жастағы модель мұндай киіммен екі рет көрінді. Kazakhstan Fashion Week сән апталығында да ол грузиялық дизайнер Кети Чхиквадзенің ашық көйлегін киді.