Саясат

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Армения премьер-министрі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтетінін хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы осы жылдың 1 қазанында Ереванда өтеді. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Пашинян Арменияның төрағалық етуші ел ретінде ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық байланыстарының кеңеюіне айрықша мән беретінін атап өтті.
"Біз Сингапур, Сербия, Египет, Израиль, Үндістан елдерімен келіссөздерді тиімді аяқтауды көздеп отырмыз. Арменияның ұлттық жиналысында Иранмен арадағы келісімшарт ратификацияланды. Ал жақында Бейжіңге жасаған сапарымда Қытай төрағасымен және премьерімен кездескенімде, ЕАЭО-мен ынтымақтастық туралы келісім қос ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың өсіміне септігін тигізетін фактор ретінде аталып өтті", - деді Пашинян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Назарбаев Ресей президентіне құрметті төраға мәртебесін беруді ұсынғаны үшін алғыс айтты

Сондай-ақ, ол Сингапурмен жүргізіліп жатқан келіссөздер жақын арада өз жемісін беретінін айтты. Пашинян шілде айында Сингапурға барып, келісімді бекіту үшін қолдан келгенін жасамақ.
Армения премьер-министрі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 2019 жылы 1 қазанда Ереванда өтетінін хабарлады.
Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммиті басталды. ЖЕЭК отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО құру туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылған.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бірлескен мәлімдемесі мерейтойлы саммитте қабылданатын басты құжат болмақ.
Алқалы жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.