Қоғам

Түлектер кеші жақындап қалды: мұғалімдерге сыйлық беруге бола ма?

Қазақстанның барлық өңірінде мектеп бітіру кеші 12 маусымда өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде барлық сыйлыққа тыйым салынғанына осымен үшінші жыл. Бірақ біз түлектерге ағаш отырғызуға тыйым салмаймыз, мәселен. Дегенмен, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне тағы бір мәрте ескерткім келеді: сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынған", - деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева үкімет кулуарында.

Министрдің орынбасары Қазақстан бойынша түлектер кеші қашан өтетінін де айтты.

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі түлектер кешін өткізуге қатысты ұсыныс айтты

"Мектеп бітіру кеші 12 маусымда барлық мемлекеттік емтихан аяқталған соң өтеді", - деді ол.

Суханбердиева түлектердің мектеп бітіру кештерін мектеп қабырғасында өткізуге қатысты министрліктің ұсынысын қолдағанына қуанышты екенін жеткізді.

"Неге десеңіз, бұл ата-аналар үшін де жеңіл, оларға артық салмақ салмайды. Қазір бәрі мұны қолдап жатыр. Тек бірен-саран ғана ата-ана бар, "ойбай ақша өткізіп қойдық, келісіп қойдық" деген. Десек те, біз міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізуді талап етіп жатырмыз", - деді вице-министр.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-2019: тест кезінде кімге жеңілдік беріледі?