Фото

"Бұлшық еті бұлтыңдаған": Нұр-Сұлтанда Азияның үздік бодибилдерлері анықталды - фото

Sputnik

Бодибилдингтен Азия чемпионаты тарихта алғаш рет елордамызда болып отыр. Батырлар жырынан жарып шыққандай бұлшық еті бұлтыңдаған, иықты, жауырынды жігіттер мен сымбаты келісті сұлу қыздарды Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

Айта кетсек, халықаралық турнирде алты ел бақ сынасты. Біріншілік аясында жеке және топтық жарыстар өтті. Әр қатысушы оңға-солға бұрылып, әбден шыныққан дене бітімін көрсетіп, көрермендер мен әділ қазыларды таңғалдырды.

Бұл чемпионатта отандастарымыздың мерейі үстем болып, жеңіс тұғырына көтерілді.

1 / 13
Бодибилдингтен Азия чемпионаты. Мүсіні сұлу қыздар толқынысын жасыра алмай, сахнаға шығар сәтін күтіп тұр.
2 / 13
Мінсіз мүсінді қыздар сахнаға шыққанда көрермендер тәнті болып, қошемет көрсетті.
3 / 13
Екі иығына екі кісі мінгендей тұлғалы жігіттер де олардан кем түспейді.
4 / 13
Ұзын сөздің қысқасы, бар қызықты айшықты суреттерден тамашалай аласыз.
5 / 13
Қазақстанның бодибилдинг пен фитнестен 31-ші ашық Кубогінің қорытындысы бойынша қатысушылар 41 алтын, 38 күміс және 32 қола жүлдемен марапатталды.
6 / 13
Ерлер арасында Сергей Ковтун, Руслан Латыпов, Ибрагим Ибрагимов жеңіске жетсе, қыздар ішінде үздігі - Вероника Тонких.
7 / 13
Командалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан командасы, үшінші орынды Қостанай облысынан келген бодибилдерлер жеңіп алды.
8 / 13
Елордадағы бодибилдерлер жарысы екі күнге созылды.
9 / 13
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша 35 алтын, 24 күміс және 19 қола жүлде табысталды.
10 / 13
Абсолютті біріншіліктерде Дарын Шырбаев пен Руслан Латыпов жеңімпаз атанды.
11 / 13
Ал қыздар арасында - Елена Чепкая, Әлжан Өзбек және Яна Крыкпаева.

12 / 13
IFBB Орта Азия чемпионатына 5 IFBB Elite Pro карталарын бөлді. Бұл картаны жеңген атлет бір жыл ішінде басқа спорттық дивизионға ауыса алады.
13 / 13
Жеңімпаздар ішінен әлемдік ауқымды жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын бодибилдерлер іріктеледі.