Оқиға

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Мемлекеттік қызметшінің айтуынша, торт кесіп жатып, абайсызда жарақат алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров 26 мамыр күні таңертең кеудесінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оның айтуынша, бұл – жазатайым оқиға.

Жарақат алғаны туралы мәліметті Алмас Айдаров Facebook парақшасында растады.

Шенеуніктің айтуынша, төтенше оқиға қылмыс емес. Торт кесіп жатып, абайсызда жарақат алған көрінеді.

"Жағдайым жақсы – тұрмыстық жарақат. Кешкісін абайсызда кесіп алдым, түнде қанап кеткен соң, таңды күтпей, жедел жәрдем шақыруға тура келді", - деп жазды Айдаров.

Полиция бұл оқиғаны тұрмыстық жарақат деп тіркеген екен. Олардың мәліметінше, дәрігерлер ер адамның үйіне 26 мамырда таңғы бес кезінде барды. Ер адам ешкімді айыптап, арызданбады. Қазір мемлекеттік қызметшінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз: Бәрінің жүрегіне пышақ сұққан: екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды