Өңірлер

Қостанайда әйелдің басына кірпіш құлады: дәрігерлер жағдайы туралы айтты

Полиция "Сапасыз салынған құрылыс" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қостанайда әйелдің басына көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен кірпіш құлады.

"Қазір зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде, беті бері қарап келеді", - деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" сайты қаланың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Автобус үйдің төбесіне құлады: 29 адам көз жұмған

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Қылмыстық кодекстің 278-бабы (Сапасыз салынған құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, оқиға 24 мамыр күні кешке болған. Әйел тұрғын үй кіреберісіне жақындай берген кезде үстіне кірпіш құлаған. Есінен танған тұрғынды көршілері көріп, бірден жедел жәрдем шақырған.

Астанада сауда орталығының бірінде қыздың үстіне пальма ағашы құлады - видео

Зардап шеккен әйел жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Басы жарылғаннан көп қан жоғалтқан, оған бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылды.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, кірпіштің құлауына қатты жел себеп болуы мүмкін. Алайда полиция қызметкерлері кірпішті үйдің төбесінен біреу әдейі лақтырған болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр.