Өңірлер

6 градус аяз және дауыл: ертең ауа райы қандай болады?

Синоптиктер дүйсенбі, 27 мамырға ауа райы болжамын ұсынды
Sputnik

НҰР-CҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Республиканың басым бөлігі жауын-шашынсыз, тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, жел күшейіп, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді.

"Қазгидромет" синоптигі мамырда ауа райы қандай болатынын айтты
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, желдің күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ түсуі мүмкін, желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерінде тұман түседі, күндіз екпінді жел соғады.

Күндіз Алматы облысының кей жерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында 3 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысында 1-6 градус аяз сақталады.

Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды ​​облыстарында өрт қаупі күтіледі.  

Нұр-Сұлтан қаласында ертең түнде +6 градус, күндіз +20 градус болады.

Алматы қаласында түнде 14 градус, күндіз 23 градус жылы болады. Найзағай ойнап, сіркіреп жаңбыр жауады. 

Шымкент қаласында күн ашық болады, түнде +14, күндіз +29 градус.