Видео

Алматыда Еуразиялық медиафорум жұмысын бастады - видео

Алматыда бейсенбі күні XVI Еуразиялық медиафорумы салтанатты түрде ашылды
Sputnik

Форумның ашылу салтанатына Армения президенті Армен Саркисян, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, продюсер, RizKhan Productions араб компаниясының басшысы Риз Хан қатысады.

Шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі оқылады.

Биыл форумның тақырыбы – "Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?". Күн тәртібінде – деглобализация проблемалары, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, сондай-ақ халықаралық құқық проблемалары мен жасанды интеллектті кең қолдануға қатысты сын-тегеуріндер.

Іс-шара аясында "Деглобализация: әлем дамудың жаңа модельдерін іздейді" тақырыбында отырыс өтеді, онда Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвес, ЕЭК интеграция мен макроэкономика бойынша алқа мүшесі Татьяна Валовая және сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев сөз сөйлейді.

Еуразиялық медиафорумның ресми ақпараттық серіктесі – Sputnik Қазақстан.