Өңірлер

Семейде 2-сынып оқушысы сәбиді ажал аузынан құтқарып қалды

Екінші сынып оқушысы Виктор Новоселовті ерлік жасағаны үшін мұғалімдер мен оқушылар алдында мақтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Семейде екінші сынып оқушысы су қоймасына түсіп кеткен баланы құтқарды. Оқушының ерлігі туралы қалалық білім беру бөлімі айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Екінші сынып оқушысы Виктор Новоселовті №40 орта мектепте бәрі біледі. Өткен жексенбіде су қоймасына түсіп кеткен төрт жасар сәбиді құтқарыпты.

"Балалар үлкендерді көмекке шақыруға кеткенде, Виктор балаға жүгіріп барып, бар күшімен ұстап тұрған. Өзі алып шығуға шамасы жетпеген", - деп хабарлады Семейдің білім беру бөлімі.

Мектепте Виктор Новоселовке мақтау қағазын табыстап, балалардың алдында мақтады.

Айта кетсек, биыл ақпан айында ішкі істер министрлігі оныншы сынып оқушысы Нәдір Омарғазиевті марапаттаған еді. Оқушы елордада ашық құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарған болатын.