Қоғам

Жер шетелдіктерге сатылмайды - Тоқаевтың президент ретіндегі берік ұстанымы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде айтты. 

"Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр. Сапар барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысты.
Сонымен қатар, ол өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысты.