НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Ұлттық банк "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
Номиналы 50 000 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 1 килограмм тартады, диаметрі 100 миллиметр, таралымы 20 дана.
Номиналы 500 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 32 миллиметр, таралымы 500 дана.
Номиналы 500 теңгелік күміс (925 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 38,61 миллиметр, таралымы 1500 дана дайындалған.
"Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылданады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.