Спорт

Санчес Головкиннен бөлінген соң "Канеломен" үшінші кездесудің жеңімпазын атады

Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті Альвареске берген болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Бірнеше тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді жаттықтырған америкалық бапкер Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі өткен жағдайда кім жеңетінін болжады.

Головкин мен "Канелоның" 3-кездесуі нокаутпен аяқталады: жеңімпаз кім

Бұған дейінгі екі жекпе-жек Геннадий үшін сәтті болмады – біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалыққа берді. Головкин сәуірдің соңында бапкерін ауыстыруға шешім қабылдап, қазір Джонатон Бэнкстің нұсқауымен жаттығу жасап жатыр. Ол 8 маусым күні канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады, деп хабарлады Sports.kz.

Батыста Головкинге "Канелодан" үлгі алуға кеңес берілді  

"Геннадий "Канелоны" бұған дейін екі рет жеңді, оны үшінші рет жеңбеуге еш себеп жоқ. Егер бас тарта алмайтындай табысты келісім ұсынбайтын болса, ол онымен Вегаста жұдырықтаспайды деп үміттенемін. Алайда "Канело" Лас-Вегаста басымдыққа ие сияқты. Сондықтан егер олар қайта кездесетін болса, жекпе-жек басқа жерде өтеді деген үміттемін. GGG алдыңғы екі жекпе-жектегідей бұл жолы да оны жеңеді", - дейді Абель Санчес.