НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Алматыда көлік тізгініне отырған жасөспірім 3 жасар баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында болған. Молдағалиев көшесімен жүріп келе жатқан С-класты Mercedes жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған баланы көрмей, қағып кетеді.
Бала түрлі жарақат алған. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік жол апатында жүргізуші ажал құшты - фото
Оқиға орнына келген жол полицейлері көлік тізгінінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім отырғанын анықтады.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.