Әлем

"Түк көрмей қалдым деп айқайлады" Әлемге танымал әнші ауруханаға түсті

Көзінің көруі күрт нашарлаған әлемге әйгілі музыкалық топ мүшесі ауруханаға түсті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Турне басталмас бұрын британдық Spice Girls тобының мүшесі Мелани Браунның көзі мүлдем көрмей қалып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады The Sun.

Басылымның ақпаратына сәйкес, әртістің көзіне осыдан 20 жыл бұрын лазерлік ота жасалған. Бұдан кейін әнші сол көзімен өте нашар көретін болыпты.

Екі күн бұрын оң көзі де нашарлай бастаған. Салдарынан Браун Лондондағы Moorfields Eye Hospital клиникасына жеткізілді.

"Мелдің жағдайы өте нашар еді. Топтың өзге қатысушылары мен менеджерлері ол үшін қатты алаңдады. Ол түк көрмей қалдым деп айқайлады" ,- дейді әртістің танысы.

Дәрігерлер әншіге тиісті көмек көрсеткен. Көзінің көруі жақсарды. Әртістің неге күрт нашар көре бастағаны белгісіз. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Тағы оқыңыз: Дильназ Ахмадиеваға тіл тигізген жігіт жауапқа тартылды

Spice Girls тобы 1994 жылы Лондонда құрылған болатын. 2018 жылдың қараша айында топ мүшелері әлемдік турнеге шығатынын жариялады.

Әлемтанымаләншіаурухана