НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Өскеменде мамыр айының ортасында жылбысқа қар жауды. Таңертең өңірде ауа температурасы нөлден төмендеген.
Ауа райының күрт суытып, қар жауғанына аң-таң болған жергілікті тұрғындар табиғат құбылысын фото мен видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz өңірлік порталы.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды
Қала тұрғындары атап өткендей, жауған қар ұзақ жатпай, бірден еріп кетіпті.
Өскеменде ауа райы қандай
"Қазгидромет" синоптиктері өңірде күн суытып, бұршақ жауып, желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа жететінін болжаған еді.
Алдағы тәулікте, метеорологтар мәліметінше, облыс орталығында күн жылына қоймайды. 16-17 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз 10-13 градус жылы болса, түнде – минус 3-5 градус.