Өңірлер

Әйелдердің шомылу киімімен көзге түскен ақтаулық енді қысқа көйлек киіп шықты – видео

Ер адамды көп ұзамай тәртіп сақшылары ұстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Ақтау тұрғыны әйелдердің қысқа көйлегін киіп, көшеге шықты, деп хабарлайды inaktau.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам 13 мамырда көзге түскен. Қара түсті қысқа көйлек киіп, жалаң бұт жүрген жігіт еш қысылып-қымтырылмастан көшеден өтіп бара жатыр. Оны көп ұзамай полицейлер ұстады.

Тағы оқыңыз: Ақтау тұрғыны екі әйелге шабуыл жасап, біреуін өлтірді

Бір қызығы, роликтің басты кейіпкері бұрын да осындай өрескел әрекетімен жұрттың есінде қалған еді. Былтыр тамыз айында қанық сары түсті шомылу киімін киіп, серуендеген болатын.

Сол кезде Ақтау тұрғындары жігіттің бұрында солай істегенін еске алып, қоғамға еш қаупі жоқ депті.