Өңірлер

"Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қалада тұрғын үй салу, газбен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту жобалары іске асырылып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтата ма – министрліктің жауабы

Қазақстан президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі көрсеткіштері баяндалды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев қаладағы тұрғын үй салу, газбен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Байқоңырда әлемдік рекорд орнатылды

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тұжырымдамамен танысты.