НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон ықпалын тигізеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттар өтеді. Кей жерде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.
Ірі қалалардағы ауа райы
- Қазақстан астанасында күн ашық, жаймашуақ болады. Күндіз Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 27-29 градусқа дейін ысиды.
- Алматыда көшпелі бұлтты, аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы 20 градус жылылықтан төмендемейді.
- Шымкентте таңертең ауа температурасы +23 градус болса, түстен кейін 29 градусқа дейін көтеріледі.
Өңірлердегі ауа райы
Шығыс Қазақстанда кей жерде желдің екпіні – 20 м/с, күндіз дауыл соғып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысында синоптиктер жел күшейеді деп болжайды: әсіресе Жалаңашкөл ауданында.
Тағы оқыңыз: Мамыр мейрамдары кезінде ауа райы қандай болады?
Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерінде күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында күндіз кей жерде шаңды дауыл соғады.
Маңғыстсау облысында, Ақмола облысында түнде, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарында кей жерде күн күркірейді, Маңғыстау облысында – кей жерде тұман.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде аптап ыстық болады.
Дабылды ескерту
Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерін аңғарында қар көшкіні жүру қаупі бар. Осыған байланысты қар жамылған биік асуларға баруға болмайды.
Ақмола облысында кей жерде күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күн күркіреген кезде ұйытқуы - 15-20 м/с.