Оқиға

Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті - фото

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінің тұрғыны Mercedes көлігімен өз ауласынан шықпақ болып, күйеуін қағып кетті. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған ер адам қаза болды.

Жол апаты 10 мамырда кешкі он жарым кезінде болған.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші әйел балабақшадан шыққан бір топ сәбиді басып кетті

Бастапқы деректерге сүйенсек, "Алтын Алма" бау-бақша бірлестігінде тұратын әйел отбасына тиесілі Mercedes көлігіне мініп, кетпек болыпты.

Оның айтуынша, күйеуіне ешқандай қастық ойламаған, ер адам сол кезде көліктің алдында отырған екен. Келіншек газ бен тежегішті шатастырып алып, алға бір-ақ жүреді, ал отағасы көліктің астында қалыпты.

Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті - фото

Жағдайды түзеуге тырысқан әйел артқа жүрмек болғанда, тағы да күйеуінің үстінен басып өткен, сол кезде көліктің алдыңғы бампері жұлынып кетеді.

Тағы оқыңыз: Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті - видео

Зардап шегуші өте ауыр жарақат алды, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оны ауруханаға жатқызды. Алайда кейінірек отағасының көз жұмғаны белгілі болған.

Апат орнына барған жедел тергеу тобы ер адамды әйелі әдейі қақты ма, жоқ па – анықтауы тиіс.