Оқиға

Нұр-Сұлтанда дүкен тонаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды

Қарулы қылмыскер жүзін медициналық бетпердемен жасырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Полиция Қазақстанның елордасында дүкен тонаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүзін медициналық бетпердемен жасырған қылмыскер сатушыны пневматикалық тапаншамен қорқытып, кассадағы ақшаны беруге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ізін суытқан.

Қостанайда тонаушылар сатушыны кассадағы ақшаны алып беруге мәжбүрледі – видео

Елордалық департаменттің жедел қызметкерлері тонаушыны аз уақыттың ішінде ұстады. Ол 23 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.  

Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Ер адамға қатысты "Қарақшылық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай айғақтар тәркіленді.  

Сондай-ақ күдіктінің бұрын жасалған өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.