НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Танкке келтіріліп безендірілген автокөлік Шымкент көшелерімен жүріп өтті. Видеожазба Instagram желісінде жарияланды.
"Тойота" көлігінің иесі Жеңіс күнін осылай ерекше атап өткісі келген сықылды. Алайда бұл көпшілікке ұнаған жоқ.
"Бұл не, мазақ па? Әлде ақымақтық па?", - деп жазды erbosynkarimov Instagram-да.
"Бұл ардагерлерді құрметтеу, еске түсіру емес. Бұл арзан хайптың бір түрі ғана. Одан да бірнеше сүре жаттап, ардагерлердің рухына тағзым етіп, Құран оқыңыз", - деп кеңес берді тағы бір қолданушы.
"Соғыста миллиондаған адам қаза болды, ал олар сауық кешін жасап жүр", - деп ашуланды gulhan_murathan.