Әлем

Жігіт досымен ойын үшін жанжалдасып, өлтіріп алды — қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға қатысты "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Өзбекстанның Әндіжан облысында нарды ойнап отырып досымен келіспей қалған ер адам, оны пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы оқыңыз: Полицейлер әке-шешесін азаптап өлтірген қаскөйді қолға түсірді

Оқиға 6 мамыр күні болған. Ер адам досымен нарды ойнап отырып, сөзге келіп қалады. Кейін көлікке бара жатқан жолда да жанжалдасады.

Сол кезде ол досының кеуде тұсына пышақ сұққан.

Бұл факті бойынша Өзбекстан елінің қылмыстық кодексінің "Қасақана адам өлтіру" бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.