НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласында 3 жасар қыз бензин ішіп, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz. порталы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы болған жайтты растады. Олар оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің шұғыл жеткенін атап өтті.
3 жасар қыз құрылыс материалдарының ішінен пластмассалық бөтелкеге құйылған бензинді тауып алып, ішіп қойған.
Тағы оқыңыз: Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған
Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, оқыс оқиға болған кезде үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыпты.
Бүлдіршін ауруханаға ауыр халде жеткізілген.
"Қыздың ішкі органдары қатты күйіп қалды. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, асқазанын тазалады. Олар қыздың өмірін аман сақтап қалу үшін бар күшін салды", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің дер кезінде көрсетуінің арқасында кішкентай қыздың жағдайы жақсарған.
Тағы оқыңыз: Қарағандыда медбикелер 2 баланың ішегін күйдірді
Үш күннен соң бүлдіршін басқа палатаға ауыстырылған. Аурухана қызметкерлері оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады.