Қоғам

Тұман мен дауыл: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сәрсенбі күні елімізде қандай ауа райы болатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Қазгидромет елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейтінін айтты. Тек батыста ертең жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін.

Дауылды алдын ала ескерту хабары

Қызылорда облысында 9 мамырға дейін шаңды дауыл мен 25 м/с жел болады деп ескертіліп отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында күн ала бұлтты болады. Күндіз плюс 28-30 градус, түнде 9-11 градус жылы.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы мереке күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз  плюс 22-24, түнде 8-10 градус нөлден жоғары.

Шымкентте де жауын-шашынсыз, күндіз 29-31 градус ыстық, 12-14 градус жылы болады.

Өңірлердегі ауа райы болжамы

  • Қызылорда облысында түнде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл болады.  
  • Түркістан облысында да қатты жел, секундына 15-20 метр шамасында.
  • Маңғыстау облысында сәрсенбі күні күн күркірейді.
  • Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау өңірлерінде тұман болуы ықтимал.