7 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
7 мамырда қандай айтулы оқиға болды
7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушы күні аталып өтеді. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.
Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қарулы күштерді басқаруды президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" деп жарияланды. Ал 2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Сондай-ақ бүгін Радио күні аталып өтеді. 1895 жылы орыс физигі және өнертапқышы Александр Попов Петербор қаласындағы университетте ғылыми қауымдастыққа сымсыз радио жүйесін таныстырды. Содан бері біз күнделікті радио эфирлерін, жаңалықтар мен музыка тыңдап келеміз. Радио күнін алғаш рет кеңестік Ресейде 1925 жылы 7 мамырда жоғары деңгейде атап өтті.
7 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1946 жылы Токиода "Токио цусин коге" компаниясының негізі қаланды, кейін ол SONY болып өзгертілді;
1956 жылы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі темекі шегуге қарсы күрес науқанын бастаудан бас тартты, ол шылымның зиянына көзінің жетпейтінін мәлімдеді;
1971 жылы Black Sabbath британиялық рок-группа "Paranoid" альбомы үшін "Алтын диск" алды;
1997 жылы Канн фестивалінде Люка Бессонның "Бесінші элемент" фильмінің тұсаукесері өтті.
7 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1975 жылы Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды;
1992 жылы президент жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылып, қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды;
1999 жылы президентінің жарлығымен Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағы берілді;
2000 жылы Нұр-Сұлтанда (Астанада) Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориал ашылды. Оның гранит плиткаларына 761 жауынгердің есімі қашалып жазылды;
2010 жылы Алматыда соғысқа қатысқан қазақтың алғашқы ұшқыш қызы, "Халық Қаһарманы" Хиуаз Доспанова өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйде мемориалды тақта ашылды. Сондай-ақ дәл осы күні Атырау қаласындағы саябақта Хиуаз Доспановаға арналған қола бюст ашылды;
2013 жылы Отан қорғаушы күні Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет атап өтілді. "Отар" 40-ыншы әскери базасында ел президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтті;
2014 жылы Өскемен қаласына кіреберісте қазақтың атақты қолбасшысы Қабанбай батырға арналған қола ескерткіш орнатылды;
2015 жылы ел астанасындағы "Жерұйық" саябағында генерал Иван Панфиловқа ескерткіш орнатылды.
7 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар
1840 жылы орыс композиторы, музыка сыншысы және педагог Петр Чайковский дүниеге келді. Он опера, үш балет, алты симфонияның авторы, ең танымал шығармалары – "Лебединое озеро", "Щелкунчик"," Спящая красавица";
1931 жылы ғылыми фантастика мен фэнтези жанрында қалам тербеген америкалық жазушы Джин Вулф дүниеге келді;
1939 жылы италиялық кинорежиссер, сценарист және продюсер Руджеро Деодато дүниеге келді;
1946 жылы кинорежиссер Владимир Бортко (Фильмдері – "Собачье сердце", "Бандитский Петербург", "Тарас Бульба) дүниеге келді.
7 мамырда Қазақстанда кім туды
1930 жылы Қазақ КСР-нің халық суретшісі Евгений Сидоркин дүниеге келді;
1931 жылы конькиші, Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұғыш спорт шебері, алыс қашықтықтарға жүгіруден және көпсайыстан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, 7 мәрте республика рекордын жаңартушы Ораз Қаңлыбаев дүниеге келді;
1963 жылы ҚР Парламенті сенатының төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева дүниеге келді.
1975 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2019 жылдың 25 ақпанынан) Жеңіс Қасымбек дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Сізді жасампаздыққа ұмтылған кез келген істе сәттілік күтіп тұр. Берешегі бар адамдар қарызын бүгін қайтарғаны дұрыс. Отбасыңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз.