Өңірлер

Алматылық сейсмологтар 5 балдық жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасты, қаза тапқандар мен қирандылар туралы мәлімет жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Алматыдан 204 километр жерде 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі.

Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні белгілі болды 

Жерасты дүмпулері 5 мамыр күні, түс кезінде тіркелді, деп атап өтті сейсмологтар. Зілзала эпицентрі Қырғызстан аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 204 километр жерде орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5. Магнитудасы – 5.2. Сейсмикалық белсенділік ошағының орналасу тереңдігі 20 километр болды.

Айта кетейік, алматылық сейсмологтар 3 мамырда да жерасты дүмпулерін тіркеді. Ол кезде жер сілкінісі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 656 шақырым жерде Қытай аумағында болды.