"Жек көрініп қалатыны бар" Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы шындықты айтты

Қайрат Нұртастың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында келіні туралы жантебірентерлік пост жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға арнап пост жазды.

"Менің Жұлдызым отбасымызға келін болып өте жас келгендіктен бе, "келін болған осылай болу керек" деген кіршіксіз жүрегімен әрбір ісіне тиянақты мән беріп, жүрегіміздің төрінен орын алып, тез бауыр басып, қайын інілеріне туған әпкесіндей болып кетті", - деп жазды Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, әулетке келін болып түскен Жұлдыз отағасы екеуінің қызындай болып, бүгінде Гүлзира Айдарбекованың сырласына айналыпты.

Әншінің анасы келінінің дайындаған асын "жеген де арманда, жемеген де арманда" деп мақтап, немерелерінің тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Гүлзира Айдарбекова ұлын Димашпен салыстырғандарға жауап берді - видео

"Біреуін спортқа, ал бірін музыкаға қосымша сабақтарға алып барып, қуанышын бөлісуден шектелген емес. Біздің батамызбен керегесі кеңейіп, ұл-қыздары бақытқа жеткізсін деп дұға тілеумен отырамын", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Содан соң продюсер ене ретінде келінімен өзара қарым-қатынасы жайында сөз қозғады.

Тағы оқыңыз: Қайрат Нұртас фильмінің Америкада көрсетілгенін айтып мақтанды

"Мен өзім жылына 1-2 мәрте пысысын деп қатты сөйлеуім мүмкін, бірақ "Мама кешіріңіз" деген сөзін есітіп жүрегім езіліп ешкімге көрсетпей жылап та алатын кездерім болады. Бетіңнен алмай, кішіпейілдікке тәрбиелеген ата-анасына мың тағзым!, - дейді Айдарбекова. - Рас, руы кіші жүз болғандықтан бетке айтып, кейде жек көрініп қалатыны бар, адамның сыртынан пыш-пыш өсек айтпайды, ол мінезін мен жақсы түсінемін".

Сөз соңында Гүлзира Айдарбекова келінін көзінше көп мақтамайтынын, тек сыртынан күйеуі мен баласына айтып отыратынын атап өтті.

"Сіздерге де сыртынан айтып мақтанып отырғаным ғой. Әрбір мықты азаматтың өсіп-өнуінің сыры ана мен әйелінің арқасында болады. Қайраттың шалқып жүргені тек менің емес, Жұлдызымның да еңбегі. Менің Жұлдызымдай келін сіздерге де бұйырсыншы!", - деп сөзін аяқтады Айдарбекова.

Тағы оқыңыз: Қайрат Нұртас туралы қызықты деректер: отбасы, сүйген жары, балалары - фото, видео

Қайрат НұртасГүлзира Айдарбековакеліншоу-бизнес