НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Жапонияның Акаси қаласындағы дәмхана әйелдер әжетханасының арқасында көпшілікке танымал болды, хабарлайды Daily Mail.
Әжетхананың ерекшелігі сонша – тіпті ерлердің өзі кіруді армандайды екен. Келушілер аз кезде, дәмхана қызметкерлері ер азаматтарға бір кіріп шығуға рұқсат беретін көрінеді.
Hipopo Papa дәмханасындағы әжетхананың ішінде қабырғаны айнала қоршай алып аквариум орнатылған. Онда түрлі экзотикалық балықтар, тіпті тасбақа да мекендейді! 12 жылдан бері бұл орын – қаланың ең басты жерлерінің бірі.
Әйелдер бөлмесін осындай ерекше етіп жасау үшін дәмхана иесі 80 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Ал даяшылардың айтуынша, кей қонақтар уақытының басым бөлігін дастархан басында емес, әжетханада өткізеді екен. Не болса да, ғажайып әжетхана дәмханаға келушілерді тартып, орасан зор пайда келтіруде.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға кеңес берді