Саясат

Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясына ұсынған құжаттары талапқа сәйкес келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін ресми тіркелген алғашқы кандидат болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина отырыста Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына 23 сәуірде түскенін хабарлады, сол күні ол мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растаған.

Тағы оқыңыз: Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтінішіне байланысты шешім шығарды 

"Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 мың қол жиналды. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі талаптарға сай келеді", -  деп мәлімдеді Мұстафина.

Отырыс қатысушылары Тоқаевты тіркеу туралы отырыс хаттамасын қолдады.

Кандидат Тоқаевтың куәлігін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаевпен алғаш кездескен сәтін еске алды 

Қазақстанды 30 жылға тарта уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында өкілеттігін тоқтатты. Осы жағдайдан кейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болды.    

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.