НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Ресейлік әнші Влад Топалов шіркеуден үйіне бара жатқан жолда апатқа түсті. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Таңертең шіркеуге барып келемін деп шештім. Таңғы сағат 05:00-те тұрып, шіркеуге бардым. Көңіл-күйім көтеріңкі болды. Қалаға барып, әуежайда әйелім мен баламды қарсы алмақ болдым. Бірақ жолдың 26-шы шақырымында апатқа түстім", - деп жазады әнші.
Топаловтың айтуынша, ол сағатына 115 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Соғылған машинаның алдына өзге көлік шыға келіпті. Жүргізушінің Топаловтың көлігіне соғылудан басқа амалы қалмаған.
Тағы оқыңыз: Белгілі әнші жаңа қызметке тағайындалды
"Жүргізуші – зейнеткер. Өзі қатты сасып қалды. Тіпті, жол полициясы қызметкерлері келгенде құжаттарды ол үшін толтыруға тура келді", - дейді әнші.
Влад Топалов 1985 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сергей Лазаревпен бірге Smash дуэтінде ән айтты.