Мәдениет

Қазақ баласы Украинадағы халықаралық ән байқауында 1-орынды жеңіп алды  

Қазақстандық Темірлан Өсімқұл "халық әні" аталымы бойынша үздік шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. "Жас Еуропа" халықаралық ән байқауында алматылық Темірлан Өсімқұл жүлделі бірінші орынды иеленді.

12 жастағы жерлесіміз халық әні "Дайдидауды" орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды, деп хабарлады Хабар 24.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим ән айтып жатқан кезде стақан сынып кетті - видео 

Дәстүрлі конкурс биыл 12-рет Киев қаласында ұйымдастырылды. Оған әлемнің 9 елінен 80 жуық өнерпаз қатысқан. "Жас Еуропа" халықаралық ән байқауы биыл "авторлық", "ұлттық", "әлемдік хит", "халық әні" және "академиялық вокал" деп аталған бес аталым бойынша өтті.

Қазақстандық Темірлан Өсімқұл "халық әні" аталымы бойынша үздік шықты.

"Шығар алдында қобалжу болды. Бірақ одан кейін бәрі өтті, әнімді жақсы айттым. Көңіл-күйім керемет. Мұндай конкурстарға қатысқанмынн, бірақ шетелге бірінші рет шығып тұрмын. Мен бүгін халық әні "Дайдидауды" айттым", - дейді байқаудың жеңімпазы Темірлан Өсімқұл.

"Дайдидауды"Димаш пен Ержан да орындаған

Күрделі халық әні "Дайдидау" бұған дейін екі қазақ әншісінің бағын ашқан болатын. Димаш Құдайберген оны Қытайдағы The Singer музыкалық байқауының жетінші турында орындады.

"Голос.Дети" шоуының екінші орын иегері Ержан Максим "Дайдидауды" Qazaqstan телеарнасының эфирінде орындады.