Спорт

Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады  

Головкиннің аты енді ағылшын тілінде "Gennady" деп емес, "Gennadiy" болып жазылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik.  Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Абель Санчестен бөлек кеткеннен кейін өзіне жаңа бапкер алды, деп хабарлады Sports.kz.

BoxingScene порталының журналисі Кит Айдектің мәліметінше, Головкин қандай шешім қабылдағанын төртінші мамыр күні таңертең ресми түрде жария етеді.   

Айта кету керек, бұл күні оның бұрынғы қарсыластары – мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында жекпе-жек өтеді.

Санчес Головкинді жақсылықты білмеді, сараңдық танытты деп айыптады   

Сондай-ақ Кит Айдек Головкиннің аты енді ағылшынша "Gennady" (Геннади) деп емес, "Gennadiy" (Геннадий) болып жазылатынын атап өтті.

"Головкин туу туралы куәлігінде "Gennadiy" деп жазылғанын айтты. Дегенмен, бұл өзгерісті жасау үшін АҚШ-та жеті жыл жұдырықтасудың не үшін қажет болғаны түсініксіз", - дейді Айдек.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Геннадий Головкин Абель Санчестен бөлек кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған бапкер бұл ақпаратты растады.