Оқиға

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото

Төтенше оқиға салдарынан жолаушы әйелдің аяғы сынды
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда жаңбыр суы ағатын құдықтың бекітілмеген қақпағы жол апатына себепші болды. Оқиға салдарынан жолаушы әйел аяғын сындырып, ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жайт таңғы сағат он кезінде Шығыс айналма жолы мен Халиуллин көшесінің қиылысында болған.

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото

Қалалық автобустың 65 жастағы жүргізуші әдеттегі бағдар бойынша келе жатады. Шығыс айналма жолдан өтіп, Халиуллин көшесіне шыққан. Кәріз құдығының үстінен өтіп бара жатқанда, қатты соққы болып, артынша жолаушы әйелдің шыңғырған үні естіледі.

Тағы оқыңыз: Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты

Көлікті тоқтатып қараса, жаңбыр суы ағатын құдық қақпағының жартысы жолаушы әйел отырған жерден автобустың астын тесіп өтіпті.

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото

Зардап шегуші аяғының қатты ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің аяғы сынғанын хабарлап, ауруханаға алып кетті.

Қазір төтенше оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Алматы полициясы болған жайтты тергеп, айыптыны анықтайды.

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтті: жолаушы ауыр жарақат алған - фото

Еске сала кетсек, дұрыс бекітілмеген құдық қақпағы екі жыл бұрын Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына себепші болған еді. Оқиға салдарынан Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылды.

Тағы оқыңыз: Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева жол апатының қалай болғанын айтты