НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. "Голос.Дети" шоуының екінші орын иегері Ержан Максим Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қолынан сыйлық алды.
Кездесуге жас әнші анасы Гүлмира Әлібекпен бірге келді. Баланың әкесі Ербол Науымовтың айтуынша, Көлгінов Ержанды қолдап, Мәскеуге сапарына демеуші табуға көмектескен.
"Голос. Дети" жобасындағы дау
26 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.
Ресейлік әншілер "Голос. Дети" байқауы әділетсіз өткенін мәлімдеді
Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтып жатыр.