Оқиға

Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты — зардап шеккендер бар

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда мамырдың 1-нен 2-не қараған түні мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant көлігі Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай бара жатқан. Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелеріне жеткенде жүргізуші артқа бұрылмақ болыпты.

Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты — зардап шеккендер бар

Дәл осы кезде Шаляпин көшесімен шығыс бағытқа қарай Yamaha мотоциклі жүріп келе жатқан. Ол дер кезінде бұрылып кете алмай, аса қатты жылдамдықпен Mitsubishi көлігіне соғылды.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.