НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Мэриленд штаты тұрғыны лотереядан 50 мың доллар ұтып алып, бірақ қомақты қаражатқа екі айдан соң ғана қол жеткізді, деп хабарлайды UPI басылымы.
Әйелдің айтуынша, ақпан айының соңында Балтиморда бірнеше лотерея билетін сатып алып, үйіне әкеліп, бір жерге қоя салған.
Тағы оқыңыз: Ерлі-зайыпты ренжіскендерінің арқасында үлкен олжаға кенелді
Арада бірнеше ай өткенде үйін жинастырып жүрген әйел төсектің астынан бірнеше қағаз тауып алыпты. Сөйтсе, мысығы тумбочканың үстінде жатқан қағаздарды сырғытып түсіріп жіберіп, үй иесі ол жайлы мүлдем ұмытып кеткен көрінеді. Құжаттардың арасында лотерея билеттері де жатқан. Әйел оларды арнайы мобильдік қосымша арқылы тексеріп көреді.
"Билеттердің бірінен ұтыс шықты!" – дейді қуанған америкалық. Ол лотерея ұйымдастырушыларымен бірден хабарласып, сыйақысын алыпты.
Тағы оқыңыз: Бағын сынаған жігіт оңбай қателессе де, 340 есе байып кетті
Әйелдің айтуынша, қомақты қаражатты үйін жөндеуге жұмсап, он процентін шіркеуге қайырымдылық ретінде бермек. Ұтыстың біраз бөлігін адамдарға көмектесуге пайдаланғысы келеді.