Өңірлер

Ақтау тұрғыны екі әйелге шабуыл жасап, біреуін өлтірді

Қайғылы оқиға 5-шағын аудандағы 28-ші үйде болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ер жігіт екі әйелге шабуыл жасап, біреуін жаралады. Ал екінші әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мұндай қылмысты бірінші рет жасамаған, деп хабарлайды "Лада" порталы.

Тағы оқыңыз: Жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді-видео

Оқиға Ақтаудың 5-ші ауданындағы 28-ші үйде болған.

"Ол мұндай қылмысты бұған дейін де жасаған болатын. Менің білуімше, күдікті осыған дейін адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Бұл пәтерден үнемі айқай-шу еститінбіз. Олар бір-бірімен жиі төбелесіп, жанжалдасатын. Талай рет арыз да жаздық. Бірақ бұл фактіге ешкім тиісті деңгейде көңіл аударған жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.