29 сәуірде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
29 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Дүниежүзілік би күні аталып өтіледі. Мереке бидің әр түріне арналған. Бұл мейрам ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылы тойлана бастады. Француз балетмейстері, хореография өнерінің теоретигі, реформатор Жан-Жорж Новердің туған күнімен тұспа-тұс келеді. Ол балетмейстер Л.Дюпренің шәкірті, "заманауи балеттің әкесі" саналады. Новер биші ретінде Лондонның "Друри-Лейн" театрында балет труппасын ұйымдастырған. Сондай-ақ, балет-трагедияның қағидаларын ойлап шығарды. 1759 жылы "Балет пен би туралы хаттар" атты өзінің әйгілі туындысын жарыққа шығарды. Бұл еңбекте балет-пьесаның қағидалары түсіндірілген. Көктемнің бұл шуақты күнінде әлем бойынша би байқаулары мен кештері, кәсіпқой бишілер мен шәкірттері ұйымдастырылған сан түрлі шоу өтеді. Ал бисүйер қауым ырғақпен бірге қозғалып, би билеп, сергіп қалады.
Сондай ақ, бүгін Дүниежүзілік балалар тілегі күні. Ол 1980 жылдан бері Американың Make-A-Wish Foundation қайырымдылық қорының бастамасымен аталып өтетін болды. Олар өте ауыр сырқатқа шалдыққа бүлдіршіндерге қолдау көрсетеді. Бұл мереке төрт жасар Крис Грейчуспен болған жағдайдан кейін аталып өте бастады. Ол лейкемия дертіне шалдыққан болатын. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. А ол болашақта полиция офицері болуды армандайтын. Сондықтан сол кезде кеден саласында қызмет еткен Томми Остин балаға мереке сыйлаймын деп шешеді. Ол өзінің әріптестерімен бірге Крис үшін ауқымды мейрам ұйымдастырады. Кішкентай Криске шақ полицей киімі тігіліп, балаларға арналған мотоциклге отырады. Тікұшақпен де ұшып көреді. Оған Аризона штатының құрметті полицейі атағы да беріледі.
29 сәуір күні ерекше мерекелердің бірі - Шатыр күні тойланады. Ескі заттар жиналып тұратын шатырлар бәрінің бала кезінде болған шығар. Балалар сол заттардың арасынан қазына тауып алуды армандайтын. Ескі әрі ертегідегідей шатырларда әр елдің балалары ойнаса керек.
29 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1978 жылы Данияда өлім жазасына тыйым салынды;
1982 жылы Қытай халқының саны миллиардтан асты;
1986 жылы Лос-Анджелестің орталық кітапханасында өрт шықты. Ресми деректерге сәйкес, 350 мың кітапқа зақым келді;
1989 жылы музыкант, киноактер Джон Бон Джови Лас-Вегас қаласында өзі бала кезінен бері ғашық болған Доротея Херлиге (Dorothea Hurley) үйленді.
29 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1911 жылы ағылшын кәсіпкерлері терең бұрғылауды қолға алған Гурьев облысындағы Доссор кен орнында мұнай фонтаны атқылады. 30 сағат бойы атқылаған ұңғымадан 16 700 тонна мұнай шықты;
1992 жылы Алматыда түрік елшілігі салтанатпен ашылды;
2006 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов мұрасын зерттеуге арналған мемориалдық мұражай ашылды;
2010 жылы елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға арналған "Балам-ай" орталығы ашылды;
29 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар
1930 жылы француздың театр, кино және телевизия актері Жан Рошфор дүниеге келді. Ол Анжелика туралы фильмдері арқылы танылған;
1955 жылы белгілі кеңестік әртіс Лариса Удовиченко дүниеге келді. "Қызыл мен қара", "Қысқы шие" және "Жарқанат" фильмдеріне түскен;
1970 жылы белгілі америкалық актриса Ума Турман дүниеге келді;
1970 жылы америкалық теннисші, Үлкен Шлем сериясының сегіз турнирінің жеңімпазы Агасси Андре дүниеге келді.
29 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1906 жылы композитор, музыкатанушы, қазақ халық әндері мен күйлерін зерттеуші, тарихшы-жазушы, дирижер, Қазақстан ғылым академиясының академигі, өнертану докторы, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ахмет Жұбанов дүниеге келді;
1938 жылы виолончельші, педагог, Қазақстанның халық артисі Жамбыл Баспаев дүниеге келді;
1972 жылы "Қорқыт ата" ансамблінің шығармашылық жетекшісі Әлқуат Қазақбаев дүниеге келді;
1977 жылы суретші, ақын Линда (шын есімі Светлана Гейман) дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Балық белгісінде орналасады. Бұл күні сіз әдеттегіден, әлдеқайда ұмытшақ боласыз. Бар күшіңізді жинап, жұмысқа кірісіңіз. Бос сөзге уақыт жұмсамауға тырысқаныңыз жөн. Оларды басқа күнге де қалдыруға болады. Басты жоспар - алға қойған мақсаттарыңызға жетудің жолын табу.